Хабарландыру

Хабарландыру

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы облыстың бiлiм беру ұйымдарында оқитын балалардың ата-аналарын, заңды өкiлдерiн оқу жылының аяқталуына байланысты ата-аналардың бiлiм беру ұйымдарының директорлары мен мұғалiмдерiне сыйлықтар беру мүмкiндiгi туралы хабарлайды.

«Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 676-бабына сәйкес заңсыз материалдық сыйақы мен сыйлықтар беру екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Сондай-ақ, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 677-бабына сәйкес бiлiм беру ұйымдарының директорлары мен мұғалiмдерiнiң заңсыз материалдық сыйақы мен сыйлықтар алуы алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлық фактiлерiне жол бермеу мақсатында балалардың ата-аналары мен заңды өкiлдерiнен бiлiм беру ұйымдарының директорлары мен мұғалiмдерiне сыйлықтар мен өзге де материалдық сыйақы беруден бас тартуды сұраймыз.