ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң бiлiм басқармасы» КММ меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдары арасында техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi (ТжКББ) бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс жариялайды.

Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға қажеттiлiк көлемi Солтүстiк Қазақстан облысының бiлiм басқармасының сайтында орналастырылған.

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекiтiлген ТжКББ бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушылар «Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру жөнiндегi конкурсқа құжаттарды қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көрсетiлген құжаттар топтамасын Мемлекеттiк корпорация немесе «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы ұсынады.

Қызмет көрсету процесiнiң сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын негiзгi талаптардың тiзбесi стандартта келтiрiлген.

Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру жөнiндегi конкурсқа қатысу үшiн құжаттар 2022 жылғы 20 мамырға дейiн қабылданады.