Солтүстік Қазақстан облысы білім беру ұйымдарында оқушыларды сапалы теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз ету туралы

Солтүстік Қазақстан облысы білім беру ұйымдарында оқушыларды сапалы теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз ету туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65 бабына сәйкес, Мектеп оқушыларын сапалы теңдестірілген тамақтанумен қамтамасыз ету бойынша 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. Солтүстік Қазақстан облысының жалпы білім беретін мектептерінде білім алушылардың жекелеген санаттарына арналған бірыңғай мәзір 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Білім беру ұйымдарында тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобы 2-қосымшаға сәйкес құрылсын.
  3. Білім беру ұйымдарында тамақтану сапасын бақылау жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобының шығу кестесі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  4. Білім берудің мазмұны мен сапасы жөніндегі бөлімнің басшысы (В. А. Черных) осы бұйрықты Солтүстік Қазақстан облысының барлық білім беру ұйымдарына жеткізсін және білім басқармасының сайтына орналастырсын.
  5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім басқармасы басшысының орынбасары Т.Н. Протопоповаға жүктелсін.

Басшының м.а.
Н. Жашибеков