Төтенше жағдай режимі кезінде қаңтар айында ҰБТ өткізу мерзімі кейінге шегерілді.
ҰБТ-ға өтініштерді тіркеу 21 қаңтарға дейін ұзартылды. Тестілеу 25 қаңтар мен 22 ақпан аралығында өткізіледі. Тестілеуге өтініш берген түлектер тестілеудің өзгертілген күнін жеке кабинетінен біле алады.
11 қаңтардан 24 қаңтар аралығында жоспарланған ҰБТ ауыстырылады:
11 қаңтардан 29 қаңтарға;
12 қаңтардан 5 ақпанға;
13 қаңтардан 11 ақпанға;
14 қаңтардан 12 ақпанға;
15 қаңтардан 21 ақпанға;
17 қаңтардан 14 ақпанға;
18 қаңтардан 15 ақпанға;
19 қаңтардан 16 ақпанға;
20 қаңтардан 17 ақпанға;
21 қаңтардан 18 ақпанға;
24 қаңтардан 19 ақпанға.