«Жас Ұлан», «Жас қыран» бiрыңғай балалар-жасөспiрiмдер ұйымы Республикалық қоғамдық бiрлестiгiнiң қатарына қабылдау

«Жас Ұлан», «Жас қыран» бiрыңғай балалар-жасөспiрiмдер ұйымы Республикалық қоғамдық бiрлестiгiнiң қатарына қабылдау

Бiз — бiргемiз! #BIZBIRGEMIZБiз — бiргемiз! #BIZBIRGEMIZ

2021 жылғы 29 қарашада Петропавл қаласының барлық мектептерiнде Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығы аясында «Жас Ұлан» және «Жас қыран» қатарына 1500-ден астам ұлдар мен қыздарды салтанатты қабылдау өттi.

«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымдарының мақсаты өскелең ұрпақты Қазақстан халқына деген сүйiспеншiлiк пен адалдық негiзiнде Отанының патриоттары ретiнде тәрбиелеу, жоғары жауапкершiлiк сезiмi және Отан тарихына, Тәуелсiз Қазақстанның бүгiнi мен болашағына қатыстылығы болып табылады.

«Жас Ұлан», «Жас қыран» бiрыңғай балалар мен жасөспiрiмдер ұйымы» республикалық қоғамдық бiрлестiгi — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан Республикасы оқушыларының бұқаралық қоғамдық ұйымы.

«Жас ұланда» мүшелiктiң екi деңгейлi жүйесi жұмыс iстейдi. «Жас Ұлан» — жоғары буын мүшелерi 11 мен 16 жас аралығындағы оқушылар, «Жас Қыран»  — кiшi буын мүшелерi, оның мүшесi болуға өз еркiмен ниет бiлдiрген, «Жас Ұлан» жарғысын мойындайтын және оны мүлтiксiз орындайтын, «Жас Ұланның» дамуына өз үлесiн қосуға дайын, тәртiптi және оқуда үлгерiмi бар 6 мен 10 жас аралығындағы оқушылар болып табылады.

Жас патриоттар елiмiздiң жетiстiктерiн көбейтiп, жас ұландар мен жас қырандар атағын мақтанышпен алады деп үмiттенемiз.