Жаса мәңгi, тәулсiз Қазақстан

Жаса мәңгi, тәулсiз Қазақстан

Бiз — бiргемiз! #BIZBIRGEMIZЖаса мәңгi, тәулсiз Қазақстан

Тәуелсiздiк-барлық халықтар үшiн қасиеттi ұғым. Егемендiктiң арқасында бiз бүгiн бүкiл әлем мойындаған елге айналдық. Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30-жылдығына орай "№ 2 Саумалкөл мектеп-гимназиясы" КММ-де оқушыларға егемен жылдардың маңызын түсiндiретiн "Тәуелсiздiк жетiстiгi" ("Достижение Независимости") жобасы әзiрлендi.

22 қазанда оқушылардың зияткерлiк және шығармашылық қабiлеттерiн анықтау, оқушыларды Қазақстанның мемлекеттiк рәмiздерiне, оның тарихи өткенi мен дәстүрлерiне құрметпен және ұқыпты қарауға тәрбиелеу мақсатында "Жаса мәңгi, тәуелсiздiк Қазақстан" тақырыбында зияткерлiк ойын өттi. Ойынға 5 оқушыдан құрастырылған үш команда қатысты: "Болашақ", "Star" және "Новое поколение" (орыс және қазақ тiлдерiнде оқитын 8-9 сынып оқушылары). Бұл байқау үш тiлде өткiзiлiп, үш кезеңнен тұрды:

1 кезең "60 секундтағы тапқырлық" — бұл қазақ халқының салт-дәстүрлерi мен әдет-ғұрыптарын, ҚР мемлекеттiк рәмiздерiн, елдiң тарихи даму жолын бiлуге арналған орыс тiлiнде құрастырылған блиц-сұрақтар.

2 кезең "Бейне сюжет" — ел тәуелсiздiгiнiң қалыптасуы мен дамуына өз үлесiн қосқан тарихи тұлғаларға арналды. Бұл кезеңде командалар бейнесюжеттi қарап, сұрақтарға жауап бердi. Осы кезеңде оқушылар қазақ тiлiн жақсы менгергенiң көрсете бiлдi.

3 тур — "Polyglot". Командалар үш тiлде "Отан" тақырыбында мақал-мәтелдердiнен сайысты.

Iс-шараның жүргiзушiлерi — 10 "Б" сынып оқушысы Бейсембаев Батырхан және 9 "В" сынып оқушысы Хайрол Нүргүл шешендiк қабiлеттерiн жақсы меңгерiп , үш тiлдi меңгерудiң жоғары деңгейiн көрсеттi. Iс-шара барысында олар оқушыларға тәуелсiздiктiң 30 жылындағы елiмiздiң жетiстiктерi, елдегi саяси және әлеуметтiк жағдай, Қазақстан Республикасының мәдениетi, тарихы, рухани құндылықтары туралы айтып бердi. Зияткерлiк ойын қорытындысы бойынша екi балл айырмашылығымен "Star"командасы жеңiске жеттi.