Қалалық, аудандық, ауылдық этноклубтардың қатысуымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған этноклубтар конкурсын (онлайн-конкурс) өткізу ережесі «Этностардың алтын қазынасы-2021»

Қалалық, аудандық, ауылдық этноклубтардың қатысуымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған этноклубтар конкурсын (онлайн-конкурс) өткізу ережесі «Этностардың алтын қазынасы-2021»

Өткізу мерзімі: 28 қазан 2021 жыл
Ұйымдастырушылар: «СҚО облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» «Қоғамдық келісім» КММ.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы Ереже этноклубтар арасындағы «Этностардың алтын қазынасы-2021» конкурсын (онлайн-конкурс) ұйымдастыру мен өткізудің жалпы тәртібін, сондай-ақ қатысушыларды марапаттау ережелерін анықтайды.

1.2. «Қоғамдықкелісім» КММ-мен жалпы әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыздандыруды жүргізеді.

1.3. Конкурстың мақсаты (онлайн-конкурсы) – Солтүстік Қазақстан облысында тұратын этностардың мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтау және дамыту.

1.4. Конкурстың негізгі міндеттері (онлайн-конкуры) болып табылады:

  • аймақтағы бейбітшілік пен келісімді нығайту;
  • өңірдегі этностардың түрлі мәдени аспектілерін кеңінен жариялау;
  • халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары наұқыпты қарауды және құрметтеуді қалыптастыру;
  • жас ұрпақар асында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу.

2. КОНКУРСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ӨТКІЗУ ЖӘНЕ ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ

2.1. Үздік этноклубтардың "Этностардың алтын қазынасы-2021" конкурсына (онлайн-конкурсына) облыс орталығының, Солтүстік Қазақстан облысының аудандарының, ауылдары мен селоларының жалпы білім беретін мекемелері (мектептер, лицейлер, гимназиялар) қатыса алады.

2.3. Фестивальді өткізудің жұмыс тілдері қазақ, орыс, анна тілдері болып табылады.

2.4. Конкурсқа (онлайн-конкурсқа) қатысуға қойылатын талаптар:

2.4.1. Қатысуға өтінім ауданның белгісімен ҚМУ электронды поштасына жіберіледі. 1-қосымшадағы өтінімнің мысалы.

2.4.2. Конкурс санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, офлайн немесе онлайн формата өткізіледі және мыналардан тұрады:

  1. Этноклуб жұмысы ұсынылған хронометражы 5 минуттан аспайтын бейнепрезентация. Бейнепішімі — көлденең;
  2. PowerPoint форматындағы этноклубтың жетістіктері мен жұмыс нәтижелері туралы презентациялар 10 слайдтан аспайды;
  3. 2020-2021 жылдар аралығындағы әлеуметтік желілердегі жәнебаспа/электрондық БАҚ-тағы этноклубтың жұмысы туралы ақпарат көлемі 1,5 беттен аспайды.

2.5. Қатысу тәртібі:

1) Қатысушының сауалнамасы мен этноклуб жұмысы туралы материалдарды 2021 жылғы 11-22 қазанаралығында электрондық поштаға жіберу etnoclub_sko_21@mail.ru белгісімен («Этностардың алтын қазынасы-2021» конкурсы). Немесе мына мекен-жай бойынша: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 27, 11-кабинет.

2.6. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жұмыстарды алдын ала іріктеуден кейін үміткер-жұмыстарды қорытынды қарау 2021 жылғы 25-28 қазан аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Достық үйіне этноклубтардың үздік өкілдерін шақыра отырып, онлайн немесе офлайн форматта өтеді.

Қосымша ақпарат 8 777 272 59 09 байланыс нөмірі бойынша — этносаралық қатынастар саласындағы талдау және мониторинг бөлімінің басшысы – Базарбаев Болат Қасенұлы немесе 8 705 180 74 73 — этносаралық қатынастар саласындағы талдау және мониторинг бөлімінің сарапшысы Шәмшутдинов Ринат Харисұлы).

3. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАУ ТӘРТІБІ

3.1. Қатысушыларды бағалау критерийлері:

  • этноклуб жұмысында этнос мәдениетінің, тілінің, дәстүрінің құндылығын көрсету;
  • шығармашылық тәсіл және презентациядағы этноклуб жұмысының толық көрінісі;
  • қаланың, ауданның, ауылдың/селоның өміріне этноклубтың қатысуы;
  • регламенттісақтау.

3.2. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және сертификаттармен марапатталады. Байқау нәтижелері туралы ақпарат @ank_sko Instagram парақшасында, әлеуметтік желілерде және Қазақстан халқы Ассамблеясының сайтында 2021 жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей жарияланатын болады.

4. БАЙҚАУДЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

4.1. Қазылар алқасының құрамына Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының, білім және ішкі саясат басқармаларының мамандары, өнер өкілдері, педагогтар, қолданбалы шығармашылық шеберлері кіреді.

Қосымша 1

__________________________________________________

(Петропавл қ., аудан орталығы немесе ауылдық округті көрсете отырып)

Этноклубтың атауы

Жетекшісі, байланысы

Оқу орнының атауы

Бейне-презентация

Презентация

Ақпарат

1