ҚР "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына, 62-бабына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жыл сайын облыс әкімдігінің қаулысымен еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылады.
ТжКБ ұйымдарында кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" №122 бұйрығы негізінде орналастырылады.
24.05.2021 жылы "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ сайтында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға конкурстық негізде мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарландыру орналастырылды.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №397 "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына құжаттарды қабылдау" бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылды.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия 17.06.2021 ж. №2 хаттамамен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін оқу орындарына байланыстырмай 3100 адамнан анықтады.
Кестеде салалық басқару тұрғысынан білікті кадрларға қажеттілік көрсетілген.
1 |
Ветеринария басқармасы |
55 |
2 |
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы |
175 |
3 |
Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы |
148 |
4 |
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
330 |
5 |
Құрылыс басқармасы |
321 |
6 |
Энергетика және ТКШ басқармасы |
637 |
7 |
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар |
9 |
8 |
Мемлекеттік мұрағаттар басқармасы |
10 |
9 |
Дене шынықтыру және спорт басқармасы |
23 |
10 |
Білім басқармасы |
483 |
11 |
СҚО кәсіпкерлер палатасы |
591 |
|
барлығы |
2782 |
Білікті кадрларға қажеттіліктің жалпы көлемі 2782 адамды құрайды.
Колледждер өңірдің индустриялық-инновациялық дамуын ескере отырып, білім беру қызметіне қолда бар лицензияның, оқу орнының жобалық қуатының, кадрлық әлеуеттің сапалық құрамының негізінде әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, еңбек нарығындағы кадр қажеттілігіне жыл сайын 3-5 жылға мониторинг жүргізеді.
2022-2023 жылдарға колледждерде кәсіпорындардың, ұйымдардың, ШҚ, ЖШС, орта және шағын бизнес өкілдерінің техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білікті кадрлар даярлауға саны 3287 адам өтінімдері бар.
Салалық басқармалардың ұсынылған материалдары, колледждердің серіктес кәсіпорындарының өтінімдері бойынша жүргізілген талдау негізінде өңірдің еңбек нарығында оқу орындарына байланыстырмай 3100 адам көлемінде қажеттілік анықталды.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыруға 20 мемлекеттік және 4 жеке колледж қатысты.
"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына (өзгерістер 2021 ж. 30.04 №199) "студентке ақша" қағидасы бойынша қабылдаудың жаңа механизмі анықталды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына түсу кезінде талапкерлерді саралау аттестаттың орташа балы және міндетті және бейіндік пәндер, сондай-ақ квота санаты бойынша ақпараттық жүйемен жүргізілді.
Қабылдаудың жаңа тетігін ескере отырып техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау және мамандық алуда 9 және 11-сынып түлектерін таңдау техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия 31.08.2021 жылғы № 3 білім беру тапсырысын 3170 адам көлемінде анықтады.
Жаңа оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру ҚР Білім және ғылым министрлігінің 7.11.2017 ж. №597 бұйрығымен бекітілген жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесі негізінде жүзеге асырылатын болады.
"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
білім басқармасы" КММ
басшының м.а. Т. Протопопова