«Жазғы мектеп»

«Жазғы мектеп»

9-22 тамыз аралығында облыс мектептерiнде 2-11 сынып оқушылары үшiн «Жазғы мектеп» өз жұмысын бастады.

«Жазғы мектеп» шектеу шаралары кезеңiнде мектеп оқушылары негiзгi пәндер бойынша бiлiмдерiндегi жiберген олқылықтардың орнын толтыру, үлгерiмi нашар бiлiм алушыларға күрделi тақырыптарды игеруде көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Жазғы мектеп жұмысының алғашқы күнiнде сабаққа 12 мыңға жуық оқушы келдi. Мектептерде санитарлық қауiпсiздiктiң барлық шаралары сақталуда. Жазғы мектепке қатысуға өтiнiштер қабылдау жалғасуда.