Домбыра күнi

Домбыра күнi

Бiз — бiргемiз! #BIZBIRGEMIZ

Бүгiн елiмiзде қазақ мәдениетiнде маңызды орын алатын және Қазақстанның ұлттық музыкалық аспабы саналатын Домбыра күнi атап өтiлуде. Бұл мерекенi Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың маусым айында белгiлеп, ол шiлденiң бiрiншi күнi тойланады.

Бүгiн «Жас дарын» өнер мектебi» МКҚК «Жас дарын» ансамблiнiң жас тәрбиеленушiлерi ҚР Тәуелсiздiк стелласында ұлттық домбыра аспабында ойнау шеберлiгiн паш еттi. Балалар өз өнерлерiн ұлттық музыкалық аспапты танымал етуге, «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасын iлгерiлетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арнады.

Тәрбиеленушiлер Дәулеткерейдiң «Қосалқа» және Құрманғазының «Балбылауын» күйiн тартты.