ҚР Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған «Отан-2021» әскери-спорттық және патриоттық лагерi

ҚР Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған «Отан-2021» әскери-спорттық және патриоттық лагерi

2021 жылы 17 маусымда «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери-техникалық мектебi» РМҚК негiзiнде ҚР Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығына арналған «Отан-2021» әскери-спорттық және патриоттық лагерi өттi.

Бұқаралық спорттық шараның мақсаты әскери қызметтiң беделiн арттыру, жастардың физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту болды.

Iс-шараның қатысушылары Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiнiң, Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледждiң, Солтүстiк Қазақстан жоғары медициналық колледжi, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжi, "Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжi — өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп — интернат" кешенi", Ж.Қизатов атындағы Жоғары ауылшаруашылық колледжi, Б.Әшiмов атындағы Петропавл темiржол көлiгi колледжi, Тайынша агробизнес колледжi, Петропавл қаласының машина жасау колледжi, құрамында 4 адам (2 жiгiт / 2 қыз).

Командалар саптық дайындық бойынша жарысып, Калашников автоматын құрастыру және бөлшектеу, пневматикалық мылтық ату, белтемiрде тартылу, денесiн тiк ұстап жерден көтеру, жүгiру және кроссфит бойынша сынға түстi. Қатысушылар кедергiлерден өтiп, «Газ» командасын орындады, өз елдерiнiң тарихын бiлу бойынша тапсырмаларды орындады, «Бiздiң есiмiзде және бiз мақтанамыз» шығармашылық байқауына қатысты.

Cайыс қорытындысы бойынша Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледждiң командасы — 1 орын, Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiнiң командасы — 2 орын, Петропавл құрылыс-экономикалық колледжiнiң командасы — 3 орынға ие болды. Жүлдегер командалар кубоктармен, дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңiмпаз-командалар кубоктармен, дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.

Спорттық-бұқаралық iс-шараның жас ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуде, салауатты өмiр салтын насихаттауда маңызы зор болды.