СҚО-ның IQanat-2021 олимпиадасындағы жеңiсi

СҚО-ның IQanat-2021 олимпиадасындағы жеңiсi

Ауыл мектептерiнiң оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының республикалық кезеңiнiң 2020-2021 оқу жылындағы қорытындылары шығарылды. Олимпиада үш кезеңде өттi және бүкiл республика бойынша оған 8 және 9 сынып оқушылары қатысты.

Олимпиаданың I турына облыс бойынша 2446 оқушы (8 және 9 сыныптар) қатысты. II турда 600 қатысушы жарысып, 104 адам жеңiмпаз атанды. Олимпиада ағылшын тiлi және жетi жалпы бiлiм беретiн пәндердiң бiрi (қазақ тiлi, орыс тiлi, математика, физика, биология, география, тарих) бойынша тапсырмаларды қамтыды.

География бойынша бiрiншi орынды 9 сынып оқушысы Герасимов Даниил (Аққайың ауданы, № 1 Смирнов ОМ) алды. Екiншi орын: биология бойынша — Моисеенко Амадей (Константинов мектеп-бөбекжай кешенi, Айыртау ауданы), физика бойынша — Бектурова Дiлназ (Дауит ОМ, Ақжар ауданы), тарих бойынша — Мажитов Ренат (Бидайық ОМ, Уәлиханов ауданы).

8-сынып оқушылары арасында математика пәнiнен Борсук Ксения (Воскресенов ОМ, Мамлют ауданы) екiншi орынды иелендi.

СҚО-ның 9 және 8 сынып оқушыларының III турдағы жетiстiктерi таң қалдырды: IQanat олимпиадасының "Үздiк команда" номинациясында 1-шi орын! 9-сыныптың он бес финалистi және 8-сыныптың бес финалистi iрiктеу емтиханынан өтiп, IQanat High School of Burabay-да 9-11-сыныптарда оқуға гранттар алды.

Бүгiнде IQanat High School of Burabay мектебiнде бiздiң облыстан он екi оқушы бiлiм алуда, олардың төртеуi 11-сыныпты бiтiредi.

"IQanat бiлiм беру қоры" қоғамдық қорының жобасы шеңберiнде бiздiң облыс бойынша олимпиададан кейiнгi сүйемелдеумен IQ-20 (11-сынып) және IQ-21 (9 және 10-сыныптар) финалистерiнен 150 бала қамтылады.