«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының «Новоникольск орта мектебі» КММ мүлкін пайдалану және жаңғырту үшін сенімгерлік басқаруға беру» жобасы бойынша қызығушылық білдіруге сұрау салу

«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының «Новоникольск орта мектебі» КММ мүлкін пайдалану және жаңғырту үшін сенімгерлік басқаруға беру» жобасы бойынша қызығушылық білдіруге сұрау салу

Қазіргі уақытта «Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының «Новоникольск орта мектебі» КММ мүлкін жаңғырту және пайдалану үшін сенімгерлік басқаруға беру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын (бұдан әрі — жоба) іске асыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Жоба шеңберінде жаңғырту (күрделі және ағымдағы жөндеу, материалдық-техникалық базаны жаңарту) жүргізу, сондай-ақ білім беру ұйымын пайдалану жоспарлануда.

Жобаны іске асыру үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу жоспарлануда («мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңы шеңберінде).

Білім беру ұйымын жаңғырту және пайдалану мақсатында жекеше әріптеске «Новоникольск орта мектебі» КММ-нің мүлкі сенімгерлік басқаруға беріледі, жекеше әріптес жаңғыртуды жүргізеді және 10 жыл бойы білім беру қызметтерін көрсетеді.

Кәсіпкерлік субъектілерін МЖӘ жобасын жоспарлауға тарту және жоспарлау процесінің ашықтығын арттыру мақсатында осы «қызығушылық білдіруге сұрау салу» қалыптастырылды.

Қызығушылық танытқан жағдайда келесі ақпаратты ұсынуды сұраймыз:

  • компания туралы мәліметтер (атауы, құрылған күні, меншік нысаны, Негізгі қызмет түрі, жұмыс тәжірибесі);
  • МЖӘ жобасының техникалық, қаржылық, заңдық және өзге де қажетті параметрлері бойынша оңтайлы шешімдер ұсыну.

Ұсыныстар қызығушылық білдіруге сұраныс жарияланған сәттен бастап 25 жұмыс күні ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады:

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ;

150010, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58;

Байланыс телефоны: 50-16-53, 46-36-72;

e-mail: uosko@sqo.gov.kz