Петропавл қ. «№27 орта мектеп» КММ жанынан инклюзияны қолдау кабинетін ашу

Петропавл қ. «№27 орта мектеп» КММ жанынан инклюзияны қолдау кабинетін ашу

«Дара» қайырымдылық қорының, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен инклюзивті білім беруді одан әрі дамыту мақсатында «Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз: Қазақстанда инклюзивті қоғам құру» жобасы аясында бүгін облыс орталығында «№27 орта мектеп» КММ жанынан үшінші ресурстық орталық аштық.

Ресурстық орталықтың ашылуы корпоративтік қызметтің басшысы – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі М.Н. Іргебаевтің, «Samruk-Kazyna Trust» жобалық басқару департаменті директорының орынбасары А.А. Қылышбаевтың, «Samruk-Kazyna Trust» жобасының менеджері А.К. Бердалиеваның, «Дара» қоры жобаларының үйлестірушісі С.Д. Бексұлтанованың, Петропавл қаласының жалпы білім беру мектептері директорларының қатысуымен ZOOM режимінде өткізілді.

№2, №40 жалпы білім беретін мектептерде бұрынырақ ашылған инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Ресурстық кабинеттің ашылуын педагогтар мен балалар ғана емес, ата-аналар да күтті. Кездесуге оқушының ата-анасы О.И. Михайльо қатысып, өз баласының жетістіктерімен бөлісті, сондай-ақ қор өкілдеріне алғыс білдірді.

Мұндай кабинеттердің ашылуы балаларға қолайлы жағдай жасауға, олардың құрдастары арасында мектепке бейімделуіне, ең бастысы әлеуметтенуіне мүмкіндік береді.