Студенттiк Парламентке сайлау

Студенттiк Парламентке сайлау

2021 жылдың 13 сәуiрiнде облыстың барлық техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында Студенттiк Парламент сайлауының бiрыңғай күнi өттi.

Парламент — оқу-тәрбие процесi мәселелерiн шешуде колледж әкiмшiлiгiнiң таптырмас көмекшiсi.

Парламентте студенттер мен педагогтар бiрлесiп ынтымақтасуға үйренедi, маңызды мәселелердi шешуде толық құқылы әрiптес болады.

Парламент — бұл бiлiм алушылардың бiлiм беру ұйымын бiрлесiп басқаруға, оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру кезiндегi мәселелердi шешуге қатысу нысаны.

Әр колледжде Парламент Президенттерi мен фракция жетекшiлерi сайланды.