15 мамыр — Халықаралық Отбасы күнi

15 мамыр — Халықаралық Отбасы күнi

Бiз — бiргемiз! #BIZBIRGEMIZ

 

 

 

Жыл сайын, 15 мамырда әлемде Халықаралық отбасы күнi атап өтiледi. «Халықаралық отбасы күнi» мерекесi көпшiлiктiң назарын қазiргi кезде көп кездесетiн отбасы проблемаларына аудару мақсатында 1993 жылы 20 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясы құрды.

Петропавл қаласындағы мектеп оқушыларының отбасылары ОТБАСЫЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРДI нығайту мақсатында Халықаралық отбасы күнiне орай бастау алған «Шежiре ағашын отырғыз» республикалық акциясына белсендi қатысты.

Акция Қазақстанның барлық аймақтарында басталды, жақын арада қазақстандықтар өз қолдарымен отырғызылған «Отбасылық аллеяда» серуендей алады. Ағаш отырғызу дәстүрiнiң тамыры тереңде. Ағаш отырғызу жаңа бастаманы және жаңа отбасының құрылуы, баланың тууы сияқты оқиғалардың сүйемелдеуiн бiлдiредi.

Қоршаған әлемге деген мейiрiмдi, ұқыпты көзқарастың үлгiсi арқылы балаларымызды тәрбиелеуден гөрi маңызды не бар!

Осы акцияны қолдау мақсатында «Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектебi» КММ ата-аналары мектеп аумағында «Түлектер аллеясын» ұйымдастырды.

Сұлтановтар отбасы дәстүрдi жалғастыра отырып, Абай атындағы ҚМУ-дiң қазақ гимназиясы-мектебiнiң аумағына шотланд қарағайын отырғызды.

Акцияны қолдап, Петропавл қаласының көшелерiн абаттандырғаны үшiн отбасыларға алғысымызды бiлдiремiз.