«Бос орындар жәрмеңкесi-2021» iс-шарасы туралы ақпарат

«Бос орындар жәрмеңкесi-2021» iс-шарасы туралы ақпарат

5 мамыр 2021 жылы М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж бен Петропавл қалалық бiлiм бөлiмiнiң ұйымдастыруымен «Бос орындар жәрмеңкесi-2021» ZOOM конференция платформасында өттi.

Аталған iс шараға 50-ге жуық биылғы колледж түлектерi және 20-дан астам қала мектептерi мен бала бақша басшылары қатысты, атап айтсақ «Мұрат Айтхожин атындағы №1 орта мектеп» КММ (Курленя А.Ю.), КММ «№4 орта мектеп» (Бустекова Г.С.), «№5 орта мектеп» КММ (Ельцова И.Б.), «№8 жалпы бiлiм беретiн эстетикалық тәрбие орта мектеп-кешенi» КММ (Уалиева А.Ф.), «Н.К. Крупская атындағы №10 орта мектеп» КММ (Анцибор Т.М.), «Ю.А. Гагарин атындағы №14 орта мектеп» КММ (Сачкова А.Г.), «Жұмабек Тәшенов атындағы №20 орта мектеп» КММ (Хамзина Г.Қ.), «№24 орта мектеп» КММ (Ушакова С.В.), «№25 жалпы бiлiм беретiн орта мектеп» КММ (Тұрсынова С.Н.), «№42 орта мектеп» КММ (Шалахаев Б.Ж.), «Ғ.Мүсiрепов ат. №43 орта мектеп» КММ (Уварова Н.В.), «№44 орта мектеп» КММ (Карпук С.В.), «Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледжi жанындағы жалпы бiлiм беретiн мектеп-лицейi» КММ (Касимова Р.Е.), «БЭСТ» гимназиясы» КММ (Арыкпаева Г.А.), «Бiрiншi гимназия» КММ (Букатова Н.Ю.), «Ақ бота» МКҚК (Абилова Ж.Е.), «Ақ қайың» МКҚК (Сеитова А.Т.), «АЛАКАЙ» МКҚК, «Батыр» МКҚК (Аредакова И.Ю.), «Нұр бөбек» МКҚК (Кужракаева А.Қ.), «Солнышко» МКҚК (Артёменко М.В.), «Ақ көгершiн» МКҚК (Ахметова А.С.).

Бiлiм беру мекемелерiнiң басшылары өз сөздерiнде колледждiң педагогикалық ұжымына жоғары деңгейдегi мамандар даярлайтындары үшiн алғыс айтып, түлектердi мектептерiндегi бос орындарға шақырды.

Колледждiң оқу-өндiрiстiк практика жөнiндегi директор орынбасары Ә.М. Жакина қалалық бiлiм бөлiмiнен түскен бос орындарға алдын-ала бекiтiлген колледж түлектерiн, мектеп директорлары мен бала-бақша меңгерушiлерiне таныстырып, жұмыс берушiлер оларға мектепке келiп әңгiмелескеннен кейiн, колледж директорына қолдау хат жiберу керектiгiн атап көрсеттi.

Аталған шара өз мақсатына жетiп, колледждiң 36 түлегi — болашақ ұстаздар әртүрлi бiлiктiлiктер («Бастауыш сынып мұғалiмi», «Қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмi», «Шетел тiлi мұғалiмi», «Өзiн өзi тану мұғалiмi», «Математика мұғалiмi», «Мектепке дейiнгi ұйымдардың тәрбиешiсi») бойынша жұмысқа орналасты.