«Жастар және қазiргi заманғы ғылым»

«Жастар және қазiргi заманғы ғылым»

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж «Бiлiм саласындағы әдiстемелiк жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ бiрлесе 2021 жылдың 28 сәуiрiнде Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай «Жастар ғылымы — 2021» апталығы аясында «Жастар және қазiргi заманғы ғылым» тақырыбында студенттердiң коммуникативтiк және кәсiби дағдыларын дамыту мақсатында дебат турнирiн өткiздi.

«Парламенттiк пiкiрсайыс» iскерлiк ойынына Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiптiк және техникалық бiлiм беретiн оқу орындары студенттерiнен мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде құрылған командалар шақырылды. Турнирге барлығы 16 команда қатысты:

  1. Машина жасау колледжiнен: «Шторм», «Северный ветер» командалары;
  2. «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжi — өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешеннiң «Сұңқар» командасы;
  3. Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiнен: «Батыр», «Жастар», «Болашақ», «Орлы» командалары;
  4. Петропавл құрылыс-экономикалық колледжiнiң: «Жұрттың балалары» командасы;
  5. Е. Дәуiтов атындағы қызмет көрсету саласы колледжiнен: «Комета», «Племя Леди» командалары;
  6. Солтүстiк Қазақстан университетiнiң колледжi: «Уникум» командасы;
  7. Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжден: «Мағжан атамыздың ұлағатты жас ұрпағы», «Лидеры» командалары;
  8. Б. Әшiмов атындағы темiржол транспорты колледжi: «Движение», «Сигнал»;
  9. Гуманитарлық техникалық колледжi: «Квартал».

Командалар пiкiрталасын арнайы шақырылған төрешiлер бағалады, қорытындысы бойынша жеңiмпаздар анықталды: мемлекеттiк тiлде пiкiрталасқа қатысқан командалар арасынан «Болашақ» командасы (Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледж) турнир жеңiмпазы атанып, I дәрежелi дипломмен марпатталды.

«Үздiк спикерлер» номинациясы бойынша Құлжан Дарын (Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледж) және Дүйсенбина Ұлданаға (Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж) арнайы диплом табысталды.

Орыс тiлiнде ойнаған командалар арасынан «Уником» командасы (Солтүстiк Қазақстан университетiнiң колледжi) турнир жеңiмпазы атанып, I дәрежелi дипломмен, «Жұрттың балалары» (Петропавл құрылыс-экономикалық колледжi), «Лидеры» (М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж), «Племя Леди» (Е.Дәуiтов атындағы қызмет көрсету саласы колледжi) командалары «Үздiк команда» дипломдарымен марапатталды.

«Үздiк спикерлер» номинациясы бойынша Романюк Тимофейге (М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж), Мержан Дамежанға (Солтүстiк Қазақстан университетiнiң колледжi), Нисюбик Анастасияға (Е.Дәуiтов атындағы қызмет көрсету саласы колледжi) арнайы дипломдар табысталды. Барлық қатысушы командаларға сертификаттар табыс етiлдi.