AgroSkills аймақтық кәсiби шеберлiк байқауы

AgroSkills аймақтық кәсiби шеберлiк байқауы

2021 жылдың 15-16 сәуiрiнде Ақмола облысы бiлiм басқармасы жанындағы «Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы, ауыл шаруашылық колледжi» МКҚК базасында «Ветеринария» құзыреттiлiгi бойынша «WorldSkills AQMOLA — 2021» аймақтық кәсiби шеберлiк чемпионаты өттi. Iс-шараға «Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжi» КМҚК (Павлодар облысы), «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжi» КМҚК (Солтүстiк қазақстан облысы), «Қостанай ауыл шаруашылығы колледжi» КМҚК (Қостанай облысы), «Қатаркөл ауылының ауыл шаруашылығы колледжi» МКҚК (Ақмола облысы) командалары қатысты.

8 қатысушы өздерiнiң бiлiмдерi мен тәжiрибелiк шеберлiктерiн көрсеттi.

Бiздiң колледждiң командасы құрамында: Гайнутдинова Екатерина Наилевна «Ветеринария» мамандығының 41 топ студентi, Абдуманап Копжан Ибрагимулы «Ветеринария» мамандығының 40 топ студентi, команда жетекшiсi арнайы пәндер оқытушысы Еремин Сергей Николаевич болды.

Екi күн бойы қатысушылар келесi модульдер бойынша өз бiлiмдерiн көрсеттi:

«Сүттi крахмалмен бұрмалау», «Тауық жұмыртқасының овоскопиясы», «Ерiту және тұқым сапасын бағалау», «Хирургиялық тiгiстер салу», «Ауыл шаруашылығы жануарын клиникалық тексеру».

Бiздiң студенттер байқаудың барлық кезеңдерiнде қойылған мiндеттердi үздiк орындап, жақсы бiлiм мен тамаша нәтижелер көрсете алды. Байқау қорытындысы бойынша колледжге 1-шi жалпыкомандалық орын берiлдi! Жеке жарыстарда студенттерiмiз: Абдуманап Копжан — 1 орынды, Гайнутдинова Екатерина — 5 орынды иелендi.

Қатаң эксперттiк қазылар алқасы қатысушылардың кәсiби дағдыларын бағалады. Қазылар алқасының құрамы: «Ақмола облысының ветеринария басқармасы» ММ басшысы орынбасарының м.а. Сыздыков Агибай Кокишевич; Ветеринария ғылымдарының кандидаты, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетiнiң морфология және физиология кафедрасының доцентi Ашимов Сагандык Амержанович, Ақмола облысы «Бурабай ауданының Ветеринарлық станциясы» ШЖҚ МКК директоры Каиржанов Аскер Батхоллинович.

Бiздiң команда мүшелерi кәсiби шеберлiктiң аймақтық чемпионатын өткiзу студенттердiң бiлiмiн, iскерлiгiн және еңбек дағдыларын жетiлдiруге ықпал ететiнiн, «Ветеринарлық техник» мамандығына деген қызығушылығын оятатынын, кәсiби қызметте одан әрi өсуге деген ынтаны арттыратынын атап өттi. Қатысушылардың сөзiмен салтанатты ашылу, байқау iс-шарасын өткiзу, мәдени бағдарлама және байқауға қатысушылардың бос уақытын ұйымдастыру, байқаудың аяқталуы сияқты барлық аспектiлерi тамаша ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылар «Қатаркөл ауылының ауыл шаруашылығы колледжi» iс-шарасын ұйымдастырушылардың, оның директоры Савельев Сергей Борисовичтiң мейiрiмдiлiгi мен қонақжайлылығын ерекше атады.

Екатерина мен Копжан өткiзiлген байқау күндерiнiң нәтижесiнде жаңа достар тауып, жарқын әсерлерге толы және жоғары нәтижелерге қол жеткiзуге ынталанды.