Облыстың білім беру ұйымдарында "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының төрт жылдығы

Облыстың білім беру ұйымдарында "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының төрт жылдығы

Бiз — бiргемiз! #BIZBIRGEMIZ

Биылғы жылы бiз Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы сәуiрде жарияланған "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының төрт жылдығын атап өтемiз, онда өскелең ұрпақтың бiлiмi мен ғылымына, тәрбиесiне зор көңiл бөлiнедi.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы бiз үшiн бүгiн басымдықта, ол жан-жақты қамтылған және бiздiң заманымыздың басты сұрақтарына жауап бередi: бiздiң тарихымыздағы орнымыз қандай және Бiз қайда болғымыз келедi. Бұл бағдарламада маңызды нәрсе — әркiм ұлы iске өзiнiң қатысуын бiледi, оны жүзеге асыруға әркiм өз үлесiн қоса алады. Бұл басқаларға көмек көрсету, акцияларға, әлеуметтiк жобаларға, қайырымдылыққа қатысу арқылы жүзеге асырылады.

"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының төрт жылдығына орай облыстың бiлiм беру ұйымдарында түрлi iс-шаралар өткiзiледi.

Есiл ауданында "30 үздiк экологиялық бастама" және "Эковолонтерлердiң 30 кейсi" таныстырылымы өттi. Аудан оқушылары "Экоболашақ", "Қағаз игiлiкке" бағыттарын белсендi жүзеге асыруда. Ақпан-наурыз айларында 5 тоннадан астам макулатура жиналып, тапсырылды. Жиналған қаражат мектеп кiтапханасына балалар әдебиетiн сатып алуға бағытталды.

"Көмек керуенi" ауқымды волонтерлiк әлеуметтiк жобасы облыс мектептерiнде басталды: медициналық, психологиялық және өзге де консультациялық көмек көрсетумен. Оқушылардың салауатты өмiр салтын қалыптастыру, оларды спортпен айналысуға тарту және қозғалыс белсендiлiгiн арттыру мақсатында спорттық-бұқаралық iс-шаралар, сыныптан тыс сабақтар ұйымдастырылады. Жамбыл ауданының "Мирный НМ" КММ-де салауатты өмiр салты — "Сау бол" мәселесi бойынша сыныптан тыс сабақ өткiзiлдi.

Қызылжар ауданы "Боголюбов орта мектебi" КММ өз елiнiң тарихы бойынша бiлiмдi тереңдету және бекiтуге, ой-өрiсiн кеңейту, танымдық қызметтi жандандыру, Қазақстан тарихы мен мәдениетiне қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған "Тарих дөңгелегi" танымдық ойыны өткiзiлдi.

Кiтаптың беделiн арттыру, әдеби талғам мен бiлiмге деген сүйiспеншiлiктi ояту, оқуды қолдау, дамыту және насихаттау мақсатында "Кiтап — бiлiм көзi" жобасы жүзеге асырылуда.

Облыс мектептерiнде "Қазақстан — құқықтық мемлекет" дөңгелек үстелдерi өтуде.

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының төрт жылдығына арналған iс-шаралар бiр ай бойы өтуде.