«Энергетикалық серпiлiс» идеялар байқауы

«Энергетикалық серпiлiс» идеялар байқауы

2021 жылғы 5 сәуiрде Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығын мерекелеу аясында Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiнде «Энергетикалық серпiлiс» идеялар байқауы өттi.

Iс-шараның мақсаты техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының студенттерiн, энергетика саласындағы жас мамандарды нақты ғылыми-техникалық және инновациялық мiндеттердi шешуге тарту, инновацияларды анықтау және енгiзуге жәрдемдесу болды, дарынды жастарды ғылыми-зерттеу жобаларға қатыстыру.

Байқауға Бәйкен Әшiмов атындағы Петропавл темiр жол көлiгi колледжi, Петропавл қаласының машина жасау колледжi және Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiнiң командалары қатысып, нақты ғылыми-техникалық және инновациялық мiндеттердi шешу бойынша тапсырмаларды орындады.

Байқауға қатысушылар колледждердiң әлеуметтiк серiктестерi ұсынған энергетикалық мiндеттердi қызығушылықпен шештi.

Байқау қорытындысы бойынша Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiнiң командасы 1 орынды, Байкен Әшiмов атындағы Петропавл темiр жол көлiгi колледжiнiң командасы 2 орынды, Петропавл қаласының машина жасау колледжiнiң командасы 3 орынды иелендi.

Аталған iс-шара студенттердiң кәсiби құзыреттiлiктерiн дамытуға, олардың болашақ мамандығына, энергетика саласындағы инновацияларға қызығушылығын арттыруға ықпал еттi.