«Үздiк орта бiлiм беру ұйымы»

«Үздiк орта бiлiм беру ұйымы»

Орта бiлiм беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарының кәсiптiк және өзiндiк өсуi мен ынталандыруын, басшылық тәжирибиелерi мен педагогикалық тиiмдiлiгiн тарату мен анықтау және бiлiм беру жүйелерiнiң даму үрдiсiн анықтау мақсатында 2021 жылдың мамыр айында Солтүстiк Қазақстан облысында «Үздiк орта бiлiм беру ұйымы» байқауының облыстық туры өтедi (ары қарай — Байқау).

Грантты беруге конкурсты өткiзу тәртiбi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2014 жылдың 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығымен бекiтiлген және бiлiм басқармасының www.uob.gov.sko.kz сайтында орналастырылған.

Байқаудың жүлдегерi «Үздiк орта бiлiм беру ұйымы» Құрмет дипломымен және ең төменгi жалақының сегiз есе мөлшерiндегi Грант Сертификатымен марапатталады.

Байқауға қатысу үшiн аудандық, Петропавл қаласының бiлiм бөлiмдерi құжаттарды 2021 жылдың 18 мамырына дейiн Петропавл қаласы, Жамбыл көшесi, 55А, № 3 кабинет блок С мекен жайы бойынша орналасқан бiлiм басқармасына тапсырады.

Байқау Бiлiм басқармасымен 2021 жылдың 27 мамыры сағат 10.00, Петропавл қаласы, Жамбыл көшесi, 55А мекен жайы бойынша өтедi.

Анықтама бойынша телефон: 50-24-06, 46-36-41.