Жамбыл Жабаев — жүз жасаған бәйтерек

Жамбыл Жабаев — жүз жасаған бәйтерек

2021 жылғы 24 ақпан күнi Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiнде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жамбыл Жабаев — жүз жасаған бәйтерек» тақырыбында әдеби кешi өткiзiлдi.

Мақсаты: жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкiрт жүрегiне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай бiлуге ұғындыру. Студенттердiң сөйлеу мәдениетiн дамыту, сөз өнерiн қадiрлеп, қастерлей бiлуге дағдыландыру, ақын өлеңдерiн, поэзиясын сүйе бiлуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезiмiн оятып, адамгершiлiкке, елiнiң өнерiн сүюге тәрбиелеу. 

Әдеби кеш барысында даралық сөз тудырған, суырып салма ақынымыз Жамбыл Жабаев туралы бейнебаян көрсетiлiп, ақынның «Шағым», «Абайдың суретi», «Балама хат» т.б. өлеңдерi орыс, қазақ тiлiнде мәнерлеп оқылды. Сонымен қатар ақын-жазушылардың Жамбылға берген бағасы, ұлағат сөздерi айтылды. Нұрсейiтов Темiрланның орындауында Нұрғиса Тiлендиевтiң «Әлқисса» атты күйi ойналып, Ж. Жабаевтың мұражайына саяхат жасалды.

Әдеби кеш соңы Нұрғиса Тiлендиевтiң «Аққу» атты күйiмен аяқталды. Жамбыл Жабаев ащы болса да әдiлдiктi, төтелеп тiке айтқан ақын. Сондықтан ақынның шығармаларын бiлу, оның поэзиясын сүю, оны бағалай бiлу барлығымыздың мiндетiмiз.

Iс-шараның қызықты бөлiгi ақынның өмiрбаяны мен шығармашылығы туралы танымдық викторина болды, оған барлық қатысушылар белсендi қатысты.

Кеш қатысушыларының ерекше қызығушылығын тудырған Жамбыл Жабаевтың мұражай-үйiне виртуалды саяхат iс-шараның қисынды қорытындысы болды.

Мазмұнды және танымдық iс-шара руханилықты қалыптастыру, жастарды әдебиетке баулу бойынша маңызды тәрбиелiк мәнге ие болды, "Қазақстанның оқырман ұрпағы — 2021 ж." жалпыұлттық акциясын iске асырудың жарқын мысалы болды.