Құрметтi әрiптестер!

Құрметтi әрiптестер!

Бүгiн, 23 ақпанда, бiлiм басқармасы бейнеконференция байланысы арқылы бiлiмдегi олқылықтардың орнын толтыру және бiлiм сапасын арттыру мәселелерiне арналған дөңгелек үстел өткiздi.

Дөңгелек үстелге М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан университетiнiң, колледждердiң өкiлдерi, аудандар мен Петропавл қаласының бiлiм бөлiмдерiнiң басшылары, мектеп директорлары, студенттер қауымы қатысты.

Кездесу барысында бiлiм сапасын арттырудың өзектi мәселелерi талқыланды.

Бiлiм және ғылым министрi Айтмағамбетов Асхат Қанатұлының берген тапсырмасын орындау шеңберiнде, бiлiм басқармасы, Солтүстiк Қазақстан университетi, М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледжi бiрлесiп, бiлiмдегi олқылықтарды жоюдың Кешендi жоспарын жасады.

Бiлiм беру саласындағы әдiстемелiк жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының басшысы Сәркен Роза Сәкенқызы ауыл мен қала мектептерi арасындағы алшақтықты азайту бойынша облыста өткiзiлiп жатқан iс-шаралар туралы, мектеп оқушыларының бiлiмiн түзету жобалары мен «Тәлiмгерлiк зертханасы» аясында оларға әдiстемелiк көмек көрсету бойынша мұғалiмдермен жұмыс формалары туралы айтты.

Қала мен ауыл мектептерi арасындағы бiлiм сапасындағы алшақтықты қысқартудың сәттiлiкке жетуiнiң тағы бiр факторы көрсеткiштерi төмен ауыл мектептерiне мықты мектептердiң «қамқорлығын» ұйымдастыру деп атауға болады.

Осындай тәжiрибесiмен Уәлиханов ауданындағы мектептермен белсендi ынтымақтастықта жұмыс iстеп жатқан Петропавл қаласындағы №25 орта мектебiнiң директоры Тұрсынова Сәуле Нұрғалиқызы бөлiстi.

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Солтүстiк Қазақстан Университетiнiң академиялық мәселелер жөнiндегi кеңесi мүшесiнiң м.а. Жанар Серкешқызы Таласпаева бiлiм беру ұйымдарының кадрлық әлеуетiн арттыруға, бiлiм кемшiлiктерiн анықтау бойынша мониторинг пен талдау және «Цифрлық офицерлер» тобын құру арқылы оқушылардың бiлiмi олқылықтарының орнын толтыру бойынша практикалық жұмыс, үлгермейтiн және үлгерiмi төмен оқушылармен жұмыс жасау үшiн тьютор студенттердiң қызметiне бағытталған iс-шаралар жоспарымен таныстырды.

Оқушылар мен мұғалiмдерге көмектесу бойынша студенттердiң волонтерлiк қозғалысы — оқушылардың бiлiмiн қалпына келтiру үдерiсiнiң сәттi болуына әсер ететiн аспектiлердiң бiрi.

М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледж директоры Ерлiк Борисұлы Жандiлдин негiзгi қызметi мектептерге қашықтықтан оқыту кезiнде бiлiмдегi олқылықтарды жоюға көмектесуге бағытталған «Сенiм» ерiктiлер тобы туралы айтты. СҚУ комплаенс академиялық офицерi Айнұр Әбiлтаева «Ерiктiлер-репититорлар» жобасындағы өзiнiң студенттiк жұмыс тәжiрибесiмен бөлiстi.

Дөңгелек үстел барысында көтерiлген тағы бiр маңызды мәселе кәсiптiк бағдар беру мәселесi болды.

Қашықтықтан оқыту кезеңiнде СҚУ облыстың түлектерiмен онлайн кездесулер, форумдар өткiзуде.

Бiлiм басқармасымен кәсiптiк бағдар беруге жауапты мамандардың аймақтық чаты құрылып, сонымен қатар YouTube каналында «Сiздiң таңдауыңыз — сiздiң болашағыңыз!» атты айдары жүргiзiледi.

Жалпы, барлық мүдделi тараптардың сындарлы және мазмұнды сұхбаты өттi. Бұл жұмыс жалғасады.