«30 игi iс»

«30 игi iс»

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 30 жылдығы қарсаңында техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында "30 игi iс" ұранымен әлеуметтiк және қайырымдылық iс-шаралары өтуде.

Колледж студенттерi ерiктiлер қозғалысына белсендi қатысады.

Ерiктi студенттер түрлi iс-шараларға, азаматтық-патриоттық бағыттағы және әлеуметтiк маңызы бар акцияларға қатысты.

Жақсылық эстафетасы аясында студенттер үй аумағын қардан тазартуға, үй iшiн тазалауға, су тасуға, жалғыз басты зейнеткерлерге, педагогикалық еңбек ардагерлерiне ағаш кесуге көмектестi. Қиын өмiрлiк жағдайға тап болған жасөспiрiмдерге көмек көрсету үшiн заттар жинау ұйымдастырылды.

Аққайың ауданы Аграрлық колледжiнiң студенттерi қайырымдылық iс-шараларын өткiзе отырып "Смирнов әлеуметтiк қызмет көрсету орталығы" КММ-мен тығыз байланыста жұмыс жасап келедi. Аталған колледжде "Жақсылық жаса" студенттiк клубы жұмыс iстейдi, оған қамқор қатысушылар тек қарт адамдарға ғана емес, үйсiз жануарларға да көмек ұйымдастырады, аумақты, ескерткiштердi абаттандыру бойынша экологиялық сенбiлiктер өткiзедi.

Барлық өркениеттi елдерде ерiктiлер жұмысы кез-келген азаматтың өмiрiнiң ажырамас бөлiгi болып саналады. "Егер сiз күшке ие болсаңыз — сiз қоғамға көмектесесiз" — бұл әр адамның әлеуметтiк жауапкершiлiгiнiң тұжырымдамасы.

Коронавирусқа байланысты жарияланған төтенше жағдай кезiнде Айыртау ауданы Агротехникалық колледжiнiң ерiктi студенттерi азық-түлiк себеттерiн беру жұмыстарына тартылды. Салмағы 30 кг жуық азық-түлiк себеттерi мұқтаж жандарға, көп балалы отбасыларға, мүмкiндiгi шектеулi адамдарға, зейнеткерлерге, ардагерлерге жеткiзiлдi. Айыртау ауданының жастар ресурстық орталығы белсендi волонтер-студенттердi мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен атап өттi.

Ленинград ауылшаруашылық колледжiнiң "Мирас" ерiктiлер клубы "Еркетай" балабақшасының балалары арасында "Балаларға күлкi сыйла" акциясын өткiздi, балаларға дамытушы ойыншықтар, танымдық кiтаптар сыйлады.

Волонтерлiк қозғалыс бiр орында тұрмайды, жылу, махаббат, қамқорлық жетiспейтiн мұқтаж адамдар үшiн барлық iстер жасалуда.

Жыл сайын ерiктiлер қатарына қосылғысы келетiн студенттер санының өсiп келе жатқаны қуантады. Волонтерлiк iс оларды дербестiкке, сенiмдiлiкке, төзiмдiлiкке тәрбиелейдi.

"30 игi iс" акциясы жалғасуда…..