Бүгiн, 2021 жылдың 8 ақпанында 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық / қалалық кезеңi басталды.
Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, олимпиадаға 8-12 ақпан аралығында Солтүстiк Қазақстан облысының 4 мыңнан астам оқушысы қатысады. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша тапсырмалар форматы — есептер, биология — тестлеу, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 8 пән бойынша — эссе, шет тiлдерi бойынша — лексика-грамматикалық тест және хат.
Олимпиаданың ашықтығын қамтамасыз ету үшiн қатысушылар Zoom, Google Meet платформалары арқылы қосылады.