Халықаралық стандарттар бойынша кадрлар даярлау

Халықаралық стандарттар бойынша кадрлар даярлау

Петропавл қаласының машина жасау колледжi "Жас маман" жобасының қатысушысы болып табылады, оның мақсаты — 100 сұранысқа ие мамандықтар бойынша Қазақстанның 180 колледжi мен 20 жоғары оқу орнын жаңғырту, сондай-ақ "Токарлық iс және металл өңдеу" және "Өнеркәсiп машиналары мен жабдықтарын пайдалану" мамандықтары бойынша бiлiктi мамандарды даярлаудың халықаралық тәжiрибесiн енгiзу.

Колледж "ПАМЗ" АҚ және "ВФ Поиск" ЖШС зауыттарымен WorldSkills халықаралық стандарттарының талаптарына жауап беретiн заманауи жабдықтардың тiзiмiн анықтап, келiстi. Бұл тiзiмге Siemens 840D SL CNC бар CTX 310 және DMC 635 станоктары кiрдi. Сонымен қатар, 3 токарлық және 2 фрезерлiк әмбебап машина алынды.

Колледжде жоба шеңберiнде бағдарламалық басқарылатын станоктар зертханасының ашылуы "Бағдарламалық басқарылатын станоктар операторы" бiлiктiлiгi бойынша мамандарды сапалы даярлауға ықпал етедi, сондай-ақ WorldSkills Kazakhstan чемпионатына қатысушыларды жаттықтыруға көмектеседi.

Қазiргi заманғы бiлiм беру жүйесiнiң стандарттарына сәйкес келетiн материалдық-техникалық базаны жаңғыртумен қатар, бiлiктi мамандар техникалық және кәсiптiк бiлiм беру жүйесiнiң кез келген оқу орны тиiмдiлiгiнiң кепiлi болып табылады.

Өндiрiстiк оқыту шеберлерi және арнайы пәндер оқытушылары Миролюбова О.П., Рудаков А.Г., Овчинников Б.В., Попп С.А., Мингалев Д.Н. 18-29 қаңтар аралығында DMG Mori академиясы (Ресей, Мәскеу) ұйымдастырған Siemens 840D SL СББ бар CTX 310 және DMC 635 станоктарды бағдарламалау және пайдалану негiздерiне халықаралық үлгiдегi сертификат бере отырып, екi апталық оқыту курсынан өттi.

Қазiргi уақытта осы станоктарда қала кәсiпорындарынан мамандар оқытылуда: "Мұнаймаш" АҚ, «Киров атындағы зауыт» АҚ, «ВФ Поиск» ЖШС және М.Қозыбаев атындағы СҚУ "Көлiк және машина жасау" кафедрасының оқытушылары.

Оқыту барысында өндiрiстiк оқыту шеберлерi мен оқытушылар СББ бар станоктарды баптау, токарлық және фрезерлiк өңдеудiң басқарушы бағдарламаларын жазу және оларды орындау үшiн қажеттi бiлiм мен дағдыларды алды.