СҚО 200ден астам бала жыл сайын өткiзiлетiн президент шыршасына қатысты. Алайда эпидемиологиялық талаптарға сай шара онлайн түрде, балақайларға арнайы платформалар мен облыстық «Қызылжар» телеарнасы арқылы ұсынылды.
Жаңа жыл жаңалыққа, жақсылыққа толы мейрам. Ерекше форматта өткен бұл шырша ертегi түрiнде, түрлi кейiпкерлердiң қатысуымен алдын-ала дайындалған. Оның түсiрiлiмiне өңiрiмiздiң өнерпаз оқушылары ат салысты.
Бұл мерекеге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетiм балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан, ерекше бiлiм беру қажеттiлiктерi бар балақайлар мен спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмiрде жетiстiктерге жеткен дарынды балалар қатысты. ҚР Президентiнiң атынан балақайларды облыс әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтап, өзiнiң жылы лебiзiн бiлдiрдi.
Бұл күнi президент шыршасына қатысушылардың үйiне Аяз ата мен Ақшақар жаңа жылдық сыйлықтарын жеткiзiп, балақайларды таңқалдыра бiлдi. Үздiктерге мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың атынан арнайы ашықхаттар мен планшет және тәттi сыйлықтар табысталды. Және мектеп оқушыларына ұлы ақын Абай Құнанбаевтың кiтаптары сыйға берiлдi.