Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» VII республикалық онлайн өнер байқауының қорытындысы

Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» VII республикалық онлайн өнер байқауының қорытындысы

Ағымдағы жылдың 9-11 желтоқсан күндерi аралығында «Шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» VII республикалық онлайн өнер байқауы» елiмiзде қалыптасқан қолайсыз пандемиялық жағдайға байланысты алғаш рет онлайн форматта ұйымдастырылды.

Байқауға ұшқыр қаламынан жырдың сұлу тамшылары төгiлген ақиық ақындарымыздың жолын қуып, өнер әлемiнде қалықтағысы келетiн, келешегiнен үмiт күттiретiн мектеп қабырғасында бiлiм алып жүрген талантты жазба ақындар шоғыры жиналды.

Байқаудың ең үздiк жеңiмпазы мен жүлдегерi атану үшiн Қазақстанның барлық облыстарынан, 8-11 сынып оқушылары арасында 102 қатысушы бәсекеге түсiп, бақтарын сынады. Солтүстiк Қазақстан облысының намысын қорғап, бәйгеге түскен 6 оқушымыз жүлделi орындарға және марапатқа ие болды. Атап айтсақ:

I дәрежелi диплом  — Ибраева Амина Азатовна «Өнер колледжi — музыкалық-эстетикалық бейiндегi дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенi» КММ, 9 сынып оқушысы «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы;

II дәрежелi диплом — Бекбаулова Алуа «Қазақ мектеп гимназиясы» КММ, 10 сынып оқушысы «Эссе жазу» номинациясы;

II дәрежелi диплом — Ораз Асанәлi Қанатұлы «Өнер колледжi — музыкалық-эстетикалық бейiндегi дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенi» КММ, 9 сынып оқушысы, Ұлттық аспапта өнер көрсету номинациясы;

Солтүстiк Қазақстан облысы командасы Республика бойынша — III орынды қанжығасына байлады.

Барлық қатысушыларға байқауға қатысқаны жөнiнде сертификаттар электронды түрде берiлдi.