
«Қазақстан Республикасының колледждерінің үздік 100 студенті» республикалық кезеңі конкурсының комиссиясына кандидаттарды ұсыну бойынша өтініштер қабылданатынын хабарлаймыз.
Өтінімдер мен құжаттар 2026 жылдың 15 маусымға дейін metod_tipo@sqo.gov.kz поштасына қабылданады.
Конкурстық комиссия құрамына енгізілуге үміткер кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
1. Тиісті салада кәсіби тәжірибеге ие болу (мамандық бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс).
2. Біліктілік деңгейіне ие болу:
- педагогтер үшін (санаты): педагогтер үшін: педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор, педагог.
- жұмыс берушілер, серіктес ұйымдар, сондай-ақ үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар өкілдері үшін (лауазымы): ұйым басшысы / басшының орынбасары, бөлім / департамент / филиал басшысы, бас маман / жетекші сарапшы, маман / сарапшы / менеджер.
3. Конкурстарға қатысу тәжірибесінің болуы (соңғы 5 жыл ішінде).
4. Жасанды интеллект саласындағы немесе IT-жобаларды / startup-жобаларды/ әлеуметтік-практикалық жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (соңғы 5 жылда).
Іріктеу кезінде ескерілетін қосымша артықшылықтар:
5. Марапаттардың болуы.