
Бүгін, 4 маусым күні, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Мемлекеттік Гимннің жаппай орындалуы өтті. Бұл іс-шара – елдің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі аясында ұйымдастырылған маңызды патриоттық шара.
Дәл осы күні, 1992 жылғы 4 маусымда, тәуелсіз Қазақстанның негізгі мемлекеттік рәміздері – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Гимні ресми түрде бекітілді. Бұл күн еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін айшықтайтын ресми мереке ретінде аталып өтеді.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың тарихын, мәдениетін, егемендігі мен ұлттық рухын бейнелейтін қасиетті құндылықтар. Оларды құрметтеу – әрбір азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімінің көрінісі.