Ақпарат

Ақпарат

2020 жылғы 13 қарашада облыстың ата-аналары мен педагогтерi үшiн мектептегi және мектептен тыс ортадағы зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынас, сондай-ақ балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелерiне арналған дөңгелек үстел өттi. Iс-шара «Қатыгездiк пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны шеңберiнде (9-20 қараша), сондай-ақ «Бала құқығы — адам құқығы» Дүниежүзiлiк балалар күнiне (20 қараша) орайластырылды.

Бүгiнгi таңда бұл проблема әлеуметтiк факторлардың iшiндегi ең алаңдатарлық мәселелердiң бiрi болғандықтан, бiз ата-аналар мен мұғалiмдердi балаларға қатысты қатыгездiктiң түрлерiмен, формаларымен, белгiлерiмен және салдарымен тағы да таныстыруды шештiк. Бiз келесi сұрақтарға жауап беруге тырыстық: не iстеу керек? Кiмге жолығу керек? Қалай жол бермеуге болады? Қандай нормативтiк құқықтық актiлердi басшылыққа алу керек? Зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалармен қалай жұмыс iстеу керек?

Iс-шараға қатысқандар:

  1. «Ю.А. Гагарин атындағы №14 орта мектеп» КММ әлеуметтiк педагогы В.М. Коваленко;
  2. Бiлiм басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлiмiнiң басшысы М.Т. Науанова;
  3. СҚО ПД ЖПҚБ ЖПБ ерекше тапсырмалар жөнiндегi аға инспекторы полиция подполковнигi С.С. Саркенов;
  4. №17 ұлттық жаңғыру орта мектеп-кешенi» КММ Педагог-психологы Н.Б. Крылова