Республикалық Лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңiнiң қорытындысы

Республикалық Лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңiнiң қорытындысы

«Зияткер» жобасы аясында 2020 жылдың 11 қарашасында Республикалық Лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңi өткiзiлдi. Олимпиадаға қолданбалы лингвистикаға қызығушылық танытатын мамандандырылған мектептердiң 7-10 сынып оқушылары қатысты.

Олимпиаданың мiндеттерi:

  • тiл туралы бiлiмдi насихаттау, әлемдiк тiлдiк әртүрлiлiк және оқушылар арасындағы мәнi;
  • лингвистикалық практикада жалпы бiлiмдi шығармашылық қолдану және логикалық ойлау дағдыларын дамыту.

Олимпиаданың облыстық кезеңi қашықтықтан өткiзiлдi.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 3 жеңiмпаз: Филиппова Полина (ЛОРД дарынды балалар үшiн мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты), Ералиева Раушан (Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «БIЛIМ-ИННОВАЦИЯ» лицей- интернаты), Зыков Роман (ЛОРД дарынды балалар үшiн мамандандырылған облыстық мектеп-лицей-интернаты) қатысты.

Жеңiмпаздарды құттықтаймыз!