📢 Хабарландыру 2026 жылғы 26 мамыр мен 26 маусым аралығында 🏆 «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауының аймақтық кезеңі жарияланады

📢 Хабарландыру  2026 жылғы 26 мамыр мен 26 маусым аралығында 🏆 «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауының аймақтық кезеңі жарияланады

Байқау Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы ең талантты, белсенді және үздік студенттерді анықтау, қолдау және ынталандыру мақсатында өткізіледі.

Байқаудың негізгі міндеті — жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту, студенттердің білімге деген ұмтылысын, кәсіби өсуін және қоғамдық белсенділігін ынталандыру.

Байқауға қатысушылар төмендегі жетістіктерін көрсете алады:
• оқу үлгеріміндегі жоғары жетістіктерін;
• қоғамдық өмірге белсенді қатысуын;
• шығармашылық, ғылыми және кәсіби табыстарын;
• көшбасшылық және әлеуметтік бастамаларын.

🌟 «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауы — өзіңді танытуға, әлеуетіңді ашуға және еліміздің үздік студенттерінің қатарына қосылуға берілетін үлкен мүмкіндік.

✨ Үздіктер қатарынан көрін! Жетістігіңді көрсетіп, жарқын болашаққа қадам бас!