Бiлiм саласындағы әдiстемелiк жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы бiлiм беру ұйымдарының педагогтерiн және облыстың әдiстемелiк кабинет әдiскерлерiн сүйемелдеу бойынша қызметтiң кезектi бағытын «Әдiстемелiк сағат» тұрақты жұмыс iстейтiн онлайн-семинар форматында iске қосады. Жұмыстың бұл түрi кәсiби тапшылықты жоюға және педагогикалық шеберлiк деңгейiн арттыруға бағытталатын болады.
2020 жылдың 12 қарашасында «Әдiстемелiк сағат» Есiл ауданының бiлiм беру ұйымдары мен әдiстемелiк кабинет педагогтерiнiң қатысуымен өттi.
Қатысушылар 2020-2021 оқу жылының бiрiншi тоқсанының қорытындысы бойынша бiлiм сапасы, оқу процесiн ағымдағы аттестаттау, педагогтердiң тәжiрибесiн жинақтау және аттестаттау мәселелерiн талқылады. Семинар барысында қатысушылар өздерiн толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Әдiстемелiк сағаттың соңында бiлiм беру процесiн әдiстемелiк сүйемелдеу бойынша одан әрi бiрлескен жұмыстың траекториясы айқындалды.