
2026 жылғы 5 мамырда, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Академиясының базасында «Жас Айбын 2026» әскери-патриоттық жиыны өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы және Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжі.
Бұл ауқымды іс-шара «Жас Сарбаз» республикалық балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысын жүзеге асыру аясында өткізіліп, жастардың әскери-қолданбалы дағдыларын дамытуға, командалық рухты нығайтуға және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға маңызды алаңға айналды.
Жиынға облыстан 12 колледж, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының 6637 әскери бөлімінің, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Департаментінің және М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің әскери кафедрасының командалары қатысты.
Жиын бағдарламасына әскери-спорттық жарыстар,тактикалық жаттығулар және көшбасшылық қасиеттер мен командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған командалық сынақтар кірді. Қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықты, тәртіпті және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.
Колледждер арасындағы жарыс қорытындысы:
1 орын – «Тайынша агробизнес колледжі» КММ;
2 орын – «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК;
3 орын «Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжі» КМҚК.
Әскери құрылымдарға қарасты әскери-патриоттық сыныптар арасындағы жарыс қорытындылары:
1 орын – «Жас шекарашы» сыныбы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаменті;
2 орын – «Жас Бүркіт» сыныбы, ҚР Ұлттық ұланы академиясы («БЭСТ» гимназиясы КММ);
3 орын – «Жас Бүркіт» сыныбы, «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6637 әскери бөлімі («Дарын» мектеп-лицейі» КММ).
«Жас Айбын 2026» жиыны ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға, әскери қызметті насихаттауға және жастардың бойында патриотизм, жауапкершілік және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихы мен дәстүрлеріне құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.