Ағымдағы жылғы 29 сәуірде Мағжан Жұмабаев ауданында (Булаев қаласы) Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында инклюзивті білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында «PRO инклюзия: тәжірибе мен бастамалар» тақырыбы бойынша халықаралық семинар өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар практикалық кейстерді қарастырып, инклюзивті тәжірибелерді енгізу тетіктерін талқылап, кәсіби тәжірибемен алмасты.
Халықаралық қатысумен өткен пленарлық сессия (телекөпір) аясында шетелдік сарапшылар (Сатиш Капур (Үндістан Республикасы), Global Inclusive Education Network (GIEN) президенті; Sandeep Kaur (Ұлыбритания), Miss Lily Rice — The Thinking Schools Federation өкілдері), сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу тәжірибесімен бөліскен Солтүстік Қазақстан облысының педагогтері сөз сөйледі.
Семинар қорытындысы бойынша инклюзивті білім беруді дамыту, озық тәжірибені тарату және халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды екені атап өтілді.