
2026 жылғы 28 сәуірде «И.Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі» КММ «Жас шаштараз - стилист» Junior Skills байқауы өтті, бұл Junior Skills қозғалысы аясындағы мектеп оқушыларын кәсіби қызметке ерте бағдарлауға және даярлауға бағытталған маңызды оқиға болды.
Байқау мақсаты мектеп бітірушілерді кәсіптік бағдарға жәрдемдесу және жастарды «Шаштараз-стилист» мамандығы бойынша оқуға шақыру болып табылады.
Биыл байқауға Петропавл қаласының білім беру мекемелерінен 19 оқушы қатысты, соның ішінде:
- «№26 мектеп-балабақша» КММ;
- «Сәбит Мұқанов атындағы №32 орта мектеп» КММ;
- «№31 орталау мектеп» КММ;
- «№42 орта мектеп» КММ;
- «Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ
- «№23 орта мектеп» КММ;
- «№12 орта мектеп» КММ;
- «БЭСТ» гимназиясы.
Байқау екі номинация бойынша өткізілді: «Фантазиялық шаш үлгісі» және «Кешкі макияж». Қатысушылардың жұмыстарын әділқазы алқалары: колледждің әлеуметтік серіктестері, өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары бағалады.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.
«Фантазиялық шаш үлгісі» номинациясында:
1 орын - Алпеева Виктория, «№26 мектеп-балабақша» КММ 8 сынып оқушысы;
2 орын – Вяткина Полина, «№23 орта мектеп» КММ 10 сынып оқушысы;
3 орын – Бордуненко Нинель, «Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ 10 сынып оқушысы.
«Кешкі макияж» номинациясында:
1 орын – Слюско Анеля, «БЭСТ» гимназиясының 9 сынып оқушысы;
2 орын – Батрашова Каролина, «№23 орта мектеп» КММ 10 сынып оқушысы;
3 орын – Шерер Снежана, «Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп» КММ 8 сынып оқушысы.
Қалған байқау қатысушылары сертифкаттармен марапатталды. Барлық қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болды. Аталған байқау дәстүрге айналып, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ шаштараз-стилист мамандығына назар аударуға ықпал етеді.