
Аутизм мәселесі туралы ақпараттандыру айлығы аясында 2026 жылғы 8 сәуірде «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК базасында «ЕБҚ бар баланы сүйемелдеу: ведомствоаралық өзара іс-қимыл және отбасыға қолдау көрсету» тақырыбында ведомствоаралық кеңес өтті.
Іс-шараның мақсаты денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау ұйымдары арасындағы ақпаратты беру және іс-әрекеттерді үйлестіру алгоритмдерін пысықтау болды.
Кездесу барысында мамандардың ерекше білім беру қажеттіліктері бар, оның ішінде қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттесуде қиындығы (аутистік спектр бұзылысы) бар балаларға көрсетілетін көмектің негізгі бағыттары мен көлемін ашып көрсететін баяндамалары тыңдалды. Даму ерекшеліктерін ерте кезеңде анықтап, жүйелі түрде қолдау көрсетуді ұйымдастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Кеңеске баланы дамыту кабинеттерінің медицина қызметкерлері, АМСК мамандары, ПМПК педагогтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің (ППТК) қызметкерлері, Аутизм орталығының, сондай-ақ әлеуметтік қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Кездесудің қорытындысы әртүрлі кезеңдер мен деңгейлерде ЕБҚ бар балаларды қоса алғанда, АСБ бар балаларға көмек көрсету жүйесі туралы тұтас түсінікті қалыптастыру болды. Арнайы түзету ұйымдарында, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер жағдайында ЕБҚ бар балаларды қолдау кабинеттері арқылы жүзеге асырылатын тиімді тәсілдер мен қолдау нысандары талқыланды.