«Үздік орта білім беру ұйымы» байқауы

«Үздік орта білім беру ұйымы» байқауы

 Орта білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтарының кәсіптік және өзіндік өсуі мен ынталандыруын, басшылық тәжирибиелері мен педагогикалық тиімділігін тарату мен анықтау және білім беру жүйелерінің даму үрдісін анықтау мақсатында 2026 жылдың мамыр айында Солтүстік Қазақстан облысында «Үздік орта білім беру ұйымы» байқауының облыстық туры өтеді (ары қарай - Байқау).

Грантты беруге конкурсты өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылдың 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығымен бекітілген және білім басқармасының https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-uob сайтында орналастырылған.

Байқаудың жүлдегері «Үздік орта білім беру ұйымы» Құрмет дипломымен және ең төменгі жалақының сегіз есе мөлшеріндегі Грант Сертификатымен марапатталады.

Байқауға қатысу үшін аудандық, Петропавл қаласының білім бөлімдері құжаттарды 2026 жылдың 12 мамырына дейін Петропавл қаласы, Жамбыл көшесі, 55А, № 4 кабинет блок С мекен жайы бойынша орналасқан білім басқармасына тапсырады.

Байқау Білім басқармасымен 2026 жылдың 28 мамыры сағат 10.00, Петропавл қаласы, Жамбыл көшесі, 55А, мекен жайы бойынша өтеді.

Анықтама бойынша телефон: 50-07-15, 46-36-41.