Онлайн бюджеттік мониторинг жалақы төлемдерін бақылау құралы ретінде

Онлайн бюджеттік мониторинг жалақы төлемдерін бақылау құралы ретінде

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2026 жылғы 6 ақпанда дене шынықтыру және спорт ұйымдарының өкілдері арасында дене шынықтыру және спорт саласындағы жалақы бойынша төлемдердің онлайн бюджеттік мониторингін қолдану тақырыбында семинар өткізді.

Төлемдердің онлайн бюджеттік мониторингі тұрақты негізде жүзеге асырылады. Мониторинг нәтижелері жеке тұлғалардың шоттарына еңбекақы төлеу сылтауымен (жалақы, сыйлықақылар, демалыс, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақылар және өзге де төлемдер) артық ақша аудару фактілерінің болуын көрсетеді.

Онлайн бюджеттік мониторингті қолдану жалақы түріндегі бюджет қаражатын негізсіз аударумен байланысты ықтимал бұзушылықтарды азайтуға мүмкіндік береді.