
Солтүстік Қазақстан облысында 27 ақпанда тиімді педагогикалық және басқарушылық тәжірибені анықтауға, жинақтауға және таратуға, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің кәсіби және жеке өсуін ынталандыруға бағытталған «Үздік арнайы білім беру ұйымы» облыстық конкурсы өтті.
Конкурс аясында қатысушылар ұйымдар қызметінің нәтижелерін, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи тәсілдерін, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің тиімділігін және инновациялық практикаларды енгізуді көрсететін материалдарды ұсынды.
Конкурстық комиссия ұсынған құжаттарды жан-жақты зерделеп, конкурс қорытындысын шығарды.
Бағалау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды:
Конкурстың бас жүлдесі – «№ 2 арнайы мектеп-интернаты» КММ;
І орын – «Жамбыл ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ;
ІІ орын – «Петропавл қаласының № 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ;
III орын – «Ломоносов арнайы мектеп-интернаты» КММ.
Мұндай конкурстарды өткізу арнайы және инклюзивті білім беру жүйесін дамытуға, табысты тәжірибелерді таратуға және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім беру қызметтерін көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді.