2026 жылғы 19 ақпанда М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде Петропавл қаласы колледждерінің студенттерімен есірткі қылмысының алдын алу мәселелеріне арналған диалогтық кездесу өтті

2026 жылғы 19 ақпанда М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде Петропавл қаласы колледждерінің студенттерімен есірткі қылмысының алдын алу мәселелеріне арналған диалогтық кездесу өтті

2026 жылғы 19 ақпанда М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде Петропавл қаласы колледждерінің студенттерімен есірткі қылмысының алдын алу мәселелеріне арналған диалогтық кездесу өтті.

Іс-шара барысында есірткі құралдарының зияны, оларды заңсыз айналымға тартудың құқықтық салдары, сондай-ақ буллингтің жастардың психологиялық жағдайына кері әсері туралы бейнематериалдар көрсетілді.

Кездесудің ерекше бөлігі – есірткі қылмыстары үшін сотталған азаматтармен ұйымдастырылған онлайн-байланыс болды. Олар мессенджерлер арқылы ұсынылған «жеңіл табысқа» келісіп, заңсыз әрекеттерге тартылып, соның салдарынан өмірлерінде ауыр зардаптарға тап болғандарын айтып берді. Сотталғандар студенттерді күмәнді ұсыныстарға ермеуге және Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтауға шақырды.

Іс-шараға техникалық және кәсіптік білім беру басқармасы басшысының орынбасары Абдрахманов Амангельды Еслямбекович, Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі Насиров Рустам Хыдырович, облыс прокурорының көмекшісі Мячина Елена Владимировна, СҚО ПД инспекторы Қабай Манар Әмірқызы қатысты.

Кездесу студенттердің құқықтық санасын қалыптастыруға, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және есірткі қылмысы мен буллингке мүлдем төзбеушілік ұстанымын нығайтуға ықпал етті.