С.К.Бегалинді еске алуға арналған футзалдан XVIII Халықаралық турнирі

С.К.Бегалинді еске алуға арналған футзалдан XVIII Халықаралық турнирі

2026 жылғы 12 ақпанда Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде колледж директоры С.К.Бегалинді еске алуға арналған футзалдан XVIII Халықаралық турнирдің салтанатты ашылуы рәсімі  өтті.

Биыл Чемпиондар кубогы үшін сегіз студенттік команда күресуге дайын. Ресей Федерациясының қонақтары - Зауралье дене шынықтыру және денсаулық колледжі және Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің университет колледжі сонымен қатар, турнирдің басты жүлдесі үшін Щучинск қаласының командалары мен Солтүстік Қазақстан облысының бес студенттік ұжымы бақ сынасады.

Турнирдің ашылуына Сүйіндік Қазиқанұлының туыстары, достары мен әріптестері қатысты. Қонақтарды «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Б.К.Базарбаев өз сөзінде жастар спортын дамытудың және елдер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығына баса назар аударды.

Жарыстың бірінші күні финалға шығу құқығы үшін  іріктеу ойындары өтеді, екінші күні спортшылар турнирдің басты жүлдесі - ауыспалы Чемпиондар кубогы үшін бақ сынасады. Жарыс жеңімпаздары тиісті дәрежедегі дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Турнирді ұйымдастырушылар «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік жаттықтырушы» номинациялары бойынша арнайы сыйлықтар тағайындады.

Футзалдан XVIII халықаралық турнир қатысушыларды адал бәсекеге, жоғары нәтижелерге және көрнекті басшы мен тәлімгердің есімін ұлықтауға деген ортақ мақсатқа біріктірді.