Террорсыз болашақ

Террорсыз болашақ

Дін істері басқармасының жанындағы Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының мамандары Ғ.Мүсірепов атындағы кітапханада «Заң мен тәртіп» идеологиямасы аясында өткен «Террорсыз болашақ» атты ашық дөңгелек үстел өткізді.

Ашық алаңда М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледж студентерімен спикерлер діни экстремизмді алдын алу, әлеуметтік желідегі деструктивті ағымның ықпалы, қолданыстағы заңнама нормалары мен қазіргі қоғамадғы конфессияаралық келісімнің рөлі туралы сөз қозғады.

Кездесу ресми және орыс тілінде өткізіліп, жастардың кеңінен қатысуға және көтерілген тақырыптар бойынша қызу пікір алмасуға мүмкіндіктер береді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарда радикалды идеологияға қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру, құқықтық және діни сауаттылықты арттыру, сондай-ақ терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимылдың тиімді әдістерін талқылау болды.