Меморандумға қол қою

Меморандумға қол қою

2026 жылы 19 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы, басшының орынбасары Абдрахманов Амангельды Еслямбекұлының атынан, және ҚР Ішкі істер министрлігінің Құқықтық-атқару жүйесі комитеті, басшының орынбасары  Сулейменов Қанат Елюбаевичтің атынан, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл құжат колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру саласындағы өзара әрекеттестікті қамтамасыз етуге бағытталған. Меморандумның негізгі мақсаты – тараптар арасында тұрақты және өзара тиімді серіктестікті дамыту.