Солтүстік Қазақстан облысы бойынша онлайн бюджеттік мониторинг нәтижелері

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша онлайн бюджеттік мониторинг нәтижелері

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы еңбекақы төлемдеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізуде. 

Аталған мониторинг нәтижелері бойынша жалақы, еңбек демалысына төленетін төлемдер, сауықтыру жәрдемақылары, сыйақылар түріндегі еңбекақы төлеу негізінде жеке тұлғалардың карт-шоттарына бюджет қаражатының артық аударылу фактілері анықталды.

Атап айтқанда, 2025 жылы 6 309 жағдай бойынша жалпы сомасы 1 688,4 млн.теңгені құрайтын 419 әрекет ету хаты жолданып, оның ішінде тәуекелдер 23,0 млн.теңге сомасына расталды, соның ішінде:

  • білім беру саласында – жалпы сомасы 1 055,7 млн.теңгені құрайтын 3 572 тәуекелді төлем, оның ішінде 21,0 млн.теңге сомасына тәуекелдер расталды;

  • мәдениет және спорт саласында – 613,0 млн теңге сомасына 2 645 тәуекелді төлем, оның ішінде 1,98 млн.теңге сомасына тәуекелдер расталды;

  • денсаулық сақтау саласында – 19,7 млн.теңге сомасына 92 тәуекелді төлем.

Негізсіз төленген барлық сомалар бюджетке қайтарылды.

Мәселен, 2024 жылғы қыркүйек айынан 2025 жылғы қараша айына дейінгі кезеңде КММ «Кәсіби даярлау және сервис колледжі» мекемесінде бас бухгалтерге 1 730,1 мың.теңге, ал КММ «Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімі» мекемесінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджерге 172,5 мың.теңге артық төленген.

Аталған жұмыс жалғасуда.