«Менің мамандығым – менің жетістігім» жастар форумы

«Менің мамандығым – менің жетістігім» жастар форумы

2025 жылғы 22 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасының бастамасымен Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің базасында СҚО атынан WorldSkills Kazakhstan 2025 жеңімпаздары өткізген шеберлік сабақтары элементтері бар «Менің мамандығым – менің табысым» атты жастар форумы өтті.

Іс-шара жұмысшы мамандықтар жылының жабылуы аясында ұйымдастырылды.

Форум қатысушыларын М.Жұмабаев атындағы Жоғары колледждің домбырашылар ансамблі қарсы алды.

Іс-шараның ашылуында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасының басшысы А.А.Сураганова  сөз сөйлеп, техникалық және кәсіптік білім берудің маңыздылығын атап өтті. Петропавл қаласының жастар ресурстық орталығының басшысы Д.Б.Абдин  WorldSkills Kazakhstan 2025 байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін алғыс хаттармен және құнды сыйлықтармен марапаттады.

Форумға №17, 26, 32 жалпы білім беретін орта мектептердің 9-сынып оқушылары шақырылды. Олар үшін колледж бойынша экскурсия ұйымдастырылып, жеңімпаздар өз құзыреттері бойынша шеберлік сабақтарын өткізді. Іс-шараны Петропавл қаласының өнер колледжі студенттері дайындаған көркем өнер нөмірлері көркемдеді.