
2025 жылғы 18 желтоқсанда Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде «ЖАС КӘСІПКЕР» Бизнес-стартап студенттік орталығы – мүмкіндіктер мен даму кеңістігінің ашылуы өтті.
Орталық кәсіпкерлікке, инновацияларға және цифрлық экономикаға қызығушылық танытатын белсенді жастарды қолдау мақсатында құрылды. Мұнда студенттер практикалық білім алып, тәлімгерлермен жұмыс істей алады, бизнес —идеяларды әзірлеп, стартап — бәйгелер мен білім беру бағдарламаларына қатыса алады.
Іс-шараға колледж басшылығы, оқытушылар, студенттер және шақырылған қонақтар қатысты. Ашылу шеңберінде серіктес ұйымдармен меморандумдарға қол қойылды:
«Петропавл қ. Кәсіптік бағдар беру орталығы» КММ «Еңбек мобильділігі орталығы» СҚО әкімдігінің «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ;
Біліктілікті арттыру институты «Өрлеу» АҚ филиалы (Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты);
«ForteBank» АҚ-ның Петропавл қаласындағы филиалы.
Аталған меморандумдар студенттерге жаңа мүмкіндіктер беруге, білім беру жүйесі мен нақты экономикалық сектор арасындағы байланысты нығайтуға, бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған.
Қатысушылар «Бизнес — стартап» орталығы – студенттердің болашағына жасалған инвестиция және белсенді, бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыруға қосқан үлес екенін атап өтті.
Алда – жаңа жобалар, идеялар мен жетістіктер!