«Білімнен мамандыққа: АӨК дамытудағы жұмысшы мамандықтардың рөлі» «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында облыстық теориялық-практикалық конференция

«Білімнен мамандыққа: АӨК дамытудағы жұмысшы мамандықтардың рөлі» «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында облыстық теориялық-практикалық конференция

2025 жылдың 25 қарашасында «Ж. Кизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК «Білімнен мамандыққа: АӨК дамытудағы жұмысшы мамандықтардың рөлі» «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында облыстық теориялық-практикалық конференция өткізді.

Конференция алты тақырыптық секция форматында өтіп, аграрлық және білім беру саласының заманауи бағыттарын жан-жақты ашып көрсетті:

  1. АӨК үшін жұмысшы кадрларды даярлаудағы заманауи педагогикалық технологиялар

  2. АӨК жасанды интеллект және цифрлық технологиялар: трендтер, сын-тегеуріндер және білім беру үшін мүмкіндіктер

  3. Білімді жаңарту жағдайындағы педагогтарды әдістемелік қолдау және кәсіби дамыту

  4. Білім беру ұйымдарының жұмыс берушілермен өзара ынтымақтастық: теориядан практикаға

  5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің тәрбиелік әлеуеті: болашақ маманның кәсіби және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру

  6. Болашақ мамандардың кәсіби және тұлғалық құзыреттерін қалыптастыруда жалпы білім беретін пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдері

Қатысушылар конференцияның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, баяндамалардың мазмұндылығы мен тәжірибе алмасудың тиімділігін атап өтті. Бұл басқосу ТжКБ жүйесі мен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған жаңа идеялар мен шешімдерді талқылауға мүмкіндік берген конструктивті диалог алаңына айналды.